27.03.2026, 10:58
Жаңалықтар
Қарағандыда ер адам сүйіктісі мен оның қызын өлтіріп кеткен: полиция мәлімдеме жасады
Қайғылы оқиға 26 наурыз күні болды
Фото: istockphoto.com
Қарағанды қаласында 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызы өлі күйінде табылды. Олардың өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 26 наурыз күні Қарағанды қаласындағы Крылов көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіттері табылды.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр.
Көп оқылған
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
24.09.2026, 14:10
Шұғыл жағдай: Каспий теңізінде 19 әскери қызметкер суға кетті, 9-ының мәйіті табылды