Бір баланы ұрып, тағы біреуін пышақтаған: Маңғыстауда сот ер адамды «татуласты» деген сылтаумен ақтап алған
Прокуратураның шағымынан кейін іс қайта қозғалған
Маңғыстау облысында Бейнеу ауданының тұрғыны кәмелетке толмаған балаға күш қолданып, оны аяусыз ұрып соққан, сондай-ақ кәмелетке толмаған тағы бір баланы бірнеше рет пышақтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сотта тараптардың татуласуына байланысты іс өндірістен тоқтатылған.
Қылмыстық заңнамаға сәйкес, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасаған адамдар жәбірленушілермен татуласуына байланысты жауапкершіліктен босатылуға жатпайды.
«Прокуратураның кассациялық тәртіппен енгізген наразылығы бойынша сот қаулысының күші жойылды. Қылмыстық іс облыстық сотқа жаңа сот қарауына жіберілді.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуы прокуратура органдарының басымды бағыттарының бірі болып саналады», – делінген прокуратура хабарламасында.