Оралда өрт сөндірушілер әйел адамды құтқарып қалды
Тілсіз жау бірнеше ғимаратты шарпыған
Орал қаласындағы жеке секторда болған өрт кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 1974 жылғы әйелді құтқарып қалды. Тілсіз жау бірнеше ғимаратты шарпыған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға қалай болды?
2026 жылдың 25 наурызында Украинская көшесіндегі жеке тұрғын үй мен шаруашылық қора-жайдан өрт шыққан. Жалын көрші үйдің шатырына дейін жетіп, үлкен аумақты шарпыды.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері барлау жұмыстарын жүргізу кезінде үй ішінен 52 жастағы әйелді тауып, сыртқа алып шықты;
Құтқарушылар өртеніп жатқан нысаннан бір газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Бұл мүмкін болатын жойқын жарылыстың алдын алуға септігін тигізді.
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қабылдаған жедел шаралардың арқасында жалын толық ауыздықталды.