24.03.2026, 23:17
Жаңалықтар
Қазақстанда боран салдарынан бірқатар жолда қозғалыс шектелді
Тасжолдар таңға дейін жабық
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолда қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлімдеді.
Шектеулер 24 наурыз күні кешке еліміздің бірнеше өңірінде енгізілген.
Ақмола облысы
- «Астана – Қарағанды – Алматы»
- 30–92 шақырым (Жібек жолы ақылы жол бекеті – Қарағанды облысының шекарасы)
Қарағанды облысы
- «Астана – Қарағанды – Алматы»
- 92–164 шақырым (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау ақылы жол бекеті)
- «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз»
- 17–217 шақырым (Қарағанды – Қарқаралы)
- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті»
- 970–1135 шақырым (Қарағанды – Павлодар облысының шекарасы)
Павлодар облысы
- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті»
- 1135–1206 шақырым (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті кенті)
Ұлттық компанияның мәліметінше, жолдарды ашудың болжамды уақыты – 25 наурыз сағат 08:00.
Жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, жол бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылды.
Көп оқылған
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
24.09.2026, 14:10
Шұғыл жағдай: Каспий теңізінде 19 әскери қызметкер суға кетті, 9-ының мәйіті табылды