«Аяқтары көгеріп қалды»: Шымкенттегі ойын-сауық орталығындағы оқиға желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
Оқиға желіде қызу талқыланып жатыр
Шымкент қаласындағы балаларға арналған ойын-сауық орнында болған жағдай әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын тудырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тараған бейнежазбада кішкентай ұл мен қыздың арасында жанжал туындағаны байқалады. Алайда жағдай мұнымен аяқталмаған. Кадрларда ұл баланың анасы араласып, қыз баланы шымшып, түртіп тиіскені көрінеді.
Сонымен қатар, қыздың әпкесі сіңілісін алып кетуге тырысқанымен, әйел адамның олардың артынан қуып, өз баласына қызды ұрғызуға әрекет жасағаны айтылуда.
Қыз баланың анасы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қызына үлкен әйел қол көтерген.
«Қызымды үлкен әйел ұрды… Аяқтары көгеріп қалды. Экспертизадан өттік», – дейді ол.
Аталған оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік мұндай әрекетке қатаң шара қолдану қажет екенін жазуда.