Жеңіл атлетика: Әлем чемпионатында қара маржан қапы қалды
Жеңіл атлет Нора Джеруто Польшада бақ сынады
Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто 2026 жылы Польшадағы Торунь қаласында өтіп жатқан жабық ғимараттағы әлем чемпионатына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл турнирде ол еліміздің жалғыз өкілі болды. Спортшы 3000 метр қашықтықта сынға түсті. Ақпан айында Джеруто осы дисциплинада ұлттық рекорд орнатып, Азия чемпионатында жеңіске жеткен еді.
Алайда Польшадағы жарыста спортшы жүлдегерлер қатарына іліге алмады. Ол қашықтықты 9 минут 4,22 секундта жүгіріп өтіп, жарыстың ортасында көш бастап тұрғанына қарамастан, 11-орынмен шектелді.
Алтын медальді италиялық Надя Баттоклетти жеңіп алды (8:57,64). Күміс жүлде америкалық Эмили Маккэйге бұйырды (8:58,12), ал қола медальді австралиялық Джессика Халл еншіледі (8:58,18).
Нора Джеруто – Қазақстан тарихындағы жеңіл атлетикадан әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы. Ол сондай-ақ 2024 жылғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған.