21 наурызда республика бойынша қай жолдар ашық, қайсысы жабық
Тас жолдардағы ахуал туралы соңғы мәліметтер жарияланды
«ҚазАвтожол» ұлттық компаниясы 2026 жылғы 21 наурыздағы республикалық маңызы бар тас жолдардағы ахуал туралы соңғы мәліметтерді жариялады. Таңертеңгі жағдай бойынша бірнеше облыста көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қолайсыз ауа райына байланысты Астанадан Қостанай бағытына қарай шығатын негізгі күрежолдың бір бөлігі жабық. Атап айтқанда:
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» тас жолының 346-407 шақырымы (Жақсы кентінен СҚО шекарасына дейін);
Осы жолдың СҚО аумағындағы жалғасы: 407-429 шақырым аралығы (Чистополье ауылына дейін);
«Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» бағытындағы жол (0-30 шқ) толықтай жабылды.
СҚО-дағы Новоишим ауылында мерекелік іс-шаралардың өтуіне байланысты «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» тас жолының (701-706 шқ) бөлігі жабық.
Маңызды: Жүргізушілер үшін «Саумалкөл – Казанка – Новоишим – Червонное» айналма жолы арқылы өту мүмкіндігі қарастырылған.
Павлодар облысында: «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» жолындағы Қалқаман айрығында қозғалыс шектелген.
ШҚО-да: Осинов асуындағы (46-66 шқ) күрделі тау жағдайларына байланысты тіркемесі бар жүк көліктері үшін шектеу әлі де күшінде.