Парламент Алатау қаласының арнайы мәртебесі жайлы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Екі палатада депутаттары заң жобасын қолдады
Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» конституциялық заңды бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауына және Алатау қаласын дамыту туралы Жарлығына сәйкес Үкімет Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы Конституциялық заң жобасын әзірледі.
Бұл заң жобасы Мемлекет басшысы айқындаған тәсілдер мен қағидаттарға негізделген. Оның негізгі мақсаты – Алатау қаласының жедел және тұрақты дамуына жағдай жасау.
Жақында қабылданған Конституцияда жекелеген өңірлердің экономикасын жылдамдату үшін «қарқынды дамитын қала» арнаулы құқықтық режимін конституциялық заң арқылы енгізуге болатыны көрсетілген.
Осыған сәйкес Алатау жобасы дербес экожүйе ретінде қарастырылады. Ол жеке қаржылық модельге, арнайы басқару режиміне және жаңа институционалдық негізге сүйенеді.
Екінші оқылымда заң жобасын қарау үшін комиссия құрылды.