Қазақстанда Наурыз мерекесінде ауа райы қандай болады
Синоптиктердің болжамы белгілі болды
Наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» мәліметінше, кейбір күндері елдің солтүстігінде және оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі күтіледі, ал елдің оңтүстігінде күндізгі сағаттарда найзағай болады.
Республика бойынша тұман және көктайғақ болжанып отыр. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Күндізгі ауа температурасы батыс өңірлерде +12…+17°С дейін, Маңғыстау облысында +18…+23°С дейін, солтүстік және республиканың орталық бөлігінде +3…+8°С шамасында, Ұлытауда +15…+20°С дейін, шығыста +5…+15°С, оңтүстікте +20…+25°С, оңтүстік-шығыста +15…+23°С дейін көтеріледі», – делінген синоптиктер болжамында.