$ 479.02  551.11  5.82
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тұман, көктайғақ: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Сондай-ақ бірқатар облыста жел соғады

Тұман, көктайғақ: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

Елордада, Алматыда, Шымкентте және Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің мәліметінше, 18 наурызда тұман, жел және көктайғақ болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады.

Ақмола облысында тұман. Жолдарда көктайғақ. Көкшетауда түнде және таңертең тұман. Жолдарда көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с жетеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман.

Қостанай облысында және Қостанай қаласында тұман.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман. Павлодарда тұман.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жолдарда көктайғақ. Қарағандыда кей уақытта тұман. Жолдарда көктайғақ.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жезқазғанда кей уақытта тұман.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Өскеменде түнде және таңертең тұман.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Семейде түнде және таңертең тұман.

Алматы облысында түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарда тұман. Жел солтүстік-батыстан соғады, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда екпіні 18 м/с жетеді. Алматыда түнде және таңертең тұман. Іле Алатауының тауларында түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан соғып, кей уақытта екпіні 18 м/с жетеді.

Жетісу облысында Алакөл көлдері маңында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15–20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда тұман. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с жетеді. Таразда кей уақытта тұман.

Түркістан облысында күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстігінде, таулы аудандарда тұман. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында және таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с жетеді. Түркістанда жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15–20 м/с болады.

Қызылорда облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15–20 м/с жетеді. Қызылордада жел солтүстік-шығыстан соғып, күндіз екпіні 15–20 м/с болады.

Ақтөбе облысында тұман. Ақтөбеде кей уақытта тұман.

Атырау облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оралда түнде және таңертең тұман.