$ 479.02  551.11  5.82
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында жантүршігерлік апат: бес адам оқиға орнында қаза тапты

Бір адам ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысында жантүршігерлік апат: бес адам оқиға орнында қаза тапты
Фото: instagram.com/aktobe_zello

Ақтөбе облысында тасжолда жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысты. Оқиға орнында жүргізуші мен төрт жолаушы қаза тауып, жол апатынан бір адам аман қалып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ВАЗ автокөлігі мен DAF маркалы жүк көлігі Байғанин ауданының Қарауылкелді кенті маңындағы тасжолда соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Әртүрлі жарақат алған тағы бір жолаушы Байғанин ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізіліп, емдеуге жатқызылды», – деді полиция.

Аталған жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және жолдағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.