$ 479.02  551.11  5.82
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауа райы күрт бұзылды: Қазақстанның төрт өңірінде жолдар жабылды

Шектеулер 18 наурыз таңға дейін енгізілді

Ауа райы күрт бұзылды: Қазақстанның төрт өңірінде жолдар жабылды
Фото: ©freepik.com

Қазақстанның төрт облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты 17 наурыз кешінен бастап республикалық маңызы бар автожолдардың бірқатар учаскелерінде қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖолдың» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Кейбір тасжолдарда шектеу көліктің барлық түріне қатысты болса, жекелеген бағыттарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына ғана тыйым салынды. Жолдардың шамамен ашылатын уақыты – 18 наурыз таңертең.

Қостанай облысы

Сағат 19:30-дан бастап жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді:

  • Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолының 8–218 шақырымы (Тобыл қаласы – Октябрьское кенті аралығы);
  • Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы автожолының 555–682 шақырымы (Тобыл қаласы – Сарыкөл кенті аралығы);
  • Қостанай – Мамлютка автожолының 250–403 шақырымы (Тобыл қаласы – Ұзынкөл кенті аралығы).

Сағат 19:30-да көліктің барлық түріне шектеу енгізілді:

  • Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолының 320–501 шақырымы (Бестөбе кенті – Рудный қаласы аралығы).

Сағат 21:00-де көліктің барлық түріне шектеу енгізілді:

  • Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолының 8–218 шақырымы (Тобыл қаласы – Октябрьское кенті аралығы);
  • Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы автожолының 555–682 шақырымы (Тобыл қаласы – Сарыкөл кенті аралығы).

Жолдардың шамамен ашылатын уақыты – 18 наурыз сағат 09:00.

Ақтөбе облысы

Сағат 19:00-де жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді:

  • РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының 776–1153 шақырымы («Эко Ойл» жанармай бекеті – Ырғыз кенті аралығы);
  • РФ шекарасы (Құрманғазы өткізу пункті) – Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау автожолының 104–250 шақырымы (Қандыағаш қаласы – Қарауылкелді кенті аралығы).

Сағат 21:30-да жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді:

  • РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының 1153–1240 шақырымы (Ырғыз кенті – Қызылорда облысының шекарасы аралығы).

Сағат 22:00-де жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді:

  • Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы автожолының 526–710 шақырымы (Батыс Қазақстан облысының шекарасы – Құрмасай кенті аралығы).

Жолдардың шамамен ашылатын уақыты – 18 наурыз сағат 09:00.

Қызылорда облысы

Сағат 21:30-да жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді:

  • РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының 1240–1362 шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы аралығы).

Жолдың шамамен ашылатын уақыты – 18 наурыз сағат 09:00.

Батыс Қазақстан облысы

Сағат 22:00-де жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді:

  • Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы автожолының 393–526 шақырымы (Жымпиты кенті – Ақтөбе облысының шекарасы аралығы).

Жолдардың шамамен ашылатын уақыты – 18 наурыз сағат 09:00.