Иран: Трамп қақтығыстың қате екенін түсінгенге дейін соғыс жалғасады

Автор: Асыл Арман

Иранның cыртқы істер министрі мәлімдеме жасады

Фото: pixabay.com

Тегеран АҚШ президенті Дональд Трамп қақтығыстың қате екенін және оның ешқашан қайталанбауы тиіс екенін түсінгенге дейін соғысуды жалғастырады. Бұл туралы Иранның cыртқы істер министрі Аббас Аракчи мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біздің қуатты қарулы күштеріміз АҚШ президенті ирандықтар мен америкалықтарға бірдей таңылып отырған заңсыз соғыстың қате екенін және оның ешқашан қайталанбауы керектігін түсінгенге дейін оқ атуды жалғастырады. Сондай-ақ зардап шеккендерге өтемақы төленуі тиіс», – деп жазды Аракчи X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін Иран мектебіндегі трагедияға байланысты Дональд Трамп Тегеранның өзін айыптаған болатын.