16.03.2026, 11:19
Жаңалықтар
Тасқынның алдын алу: бірнеше өңірде ірі су қоймалары босап жатыр
Еліміздің су қоймаларындағы жағдай белгілі болды
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдап, қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлеріндегі ірі су қоймаларынан су ағызып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
16 наурыздағы жағдай мынадай:
- Ақмола облысында Сілеті су қоймасынан секундына 1,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 1,16 текше метр су жіберілуде.
- Ақтөбе облысында Ақтөбе су қоймасынан секундына 1 текше метр және Қарғалы су қоймасынан секундына 0,3 текше метр су жіберіліп жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 36%-ға толы.
- Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 552 текше метр, ал Өскемен су қоймасынан секундына 421 текше метр су жіберілуде.
- Абай облысында Шүлбі су қоймасынан секундына 651 текше метр су жіберілуде.
- Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 5 текше метр, Бітік су қоймасынан секундына 14 текше метр, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 2 текше метрден су жіберілуде.
- Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 3 текше метр, Самарқанд су қоймасынан секундына 3 текше метр су жіберілуде.
- Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр және Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде.
- Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 15,8 текше метр, Петропавл су қоймасынан 13,9 текше метр су жіберілуде.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды