$ 493.85  571.78  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.03.2026, 23:16
Әлем

Иран мектебіндегі трагедия: Трамп Тегеранды айыптады

АҚШ көшбасшысы «деректерге сүйеніп отырғанын» алға тартты

Иран мектебіндегі трагедия: Трамп Тегеранды айыптады
Фото: AP Photo/Юки Ивамура

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Минаб қаласындағы қыздарға арналған мектепке жасалған соққыға жауапкершілікті Иранға жүктеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy DW басылымына сілтеме жасап.

Дональд Трамптың айтуынша, «көрген деректеріне сүйенсек», Минаб қаласындағы қыздарға арналған мектепке жасалған соққыны Иран жасаған.

Ал Пентагон басшысы Пит Хегсет бұл мәліметті тікелей растаған жоқ. Ол қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Еске салайық, 28 ақпанда Иранның Минаб округіне жасалған шабуылдар кезінде қыздарға арналған бастауыш мектеп зардап шеккені белгілі болған еді. Соның салдарынан бес оқушы қаза тапқан. Бұл – Иран тарапы хабарлаған алғашқы құрбандар.

2 наурыз күні Иран билігі Минаб округіндегі мектепке жасалған шабуыл салдарынан кемінде 175 мұғалім мен оқушы қаза тапқанын мәлімдеді.  

Одан кейін Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеме жасап, АҚШ пен Израильді әскери қылмыс жасады деп айыптады.