$ 486.2  557.82  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақсу қаласының тұрғынынан бірнеше кило есірткі табылды

Аса ірі мөлшердегі есірткі заттары тәркіленді

Ақсу қаласының тұрғынынан бірнеше кило есірткі табылды
Фото: Павлодар облысы ПД/Видеодан скрин

Павлодар облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері жүргізген арнайы жедел іс-шаралар кешені нәтижесінде Ақсу қаласында ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тінту барысында күдіктіден ірі көлемде өсімдік тектес есірткі заттары табылып тәркіленді. Оның салмағы шамамен 11 кг болады. Аталған дерек бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу мақсатында жөнелту не өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Ведомство заңсыз есірткі айналымына қарсы күресте көмектесетін кез келген ақпаратты 102 нөмірі арқылы немесе «Police 102» мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға шақырады. Анонимділікке кепілдік беріледі.