Еxit-poll: жаңа Конституцияны референдумға қатысқандардың 87,4%-ы қолдады
Әлеуметтік зерттеу нәтижесі: дауыс берген азаматтардың басым бөлігі өзгерістерді жақтады
Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау мәселесіне арналған республикалық референдумда дауыс берген азаматтардың 87,4%-ы ұсынылған өзгерістерді қолдаған. Бұл туралы «Астана кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қорының ОФ ИКСИ «СОЦИС-А» зерттеу компаниясы жүргізген экзитпол нәтижелері көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Зерттеу деректеріне қарағанда, референдум күні дауыс беру учаскелерінен шыққан азаматтар арасында жүргізілген сауалнама ұсынылған конституциялық өзгерістерге қолдау жоғары екенін көрсетті.
Еxit-poll қорытындысы бойынша, дауыс берген қатысушылардың 87,4%-ы жаңа Конституция жобасында қарастырылған өзгерістерді қолдағанын мәлімдеген.
Ал, «Еуразиялық интеграция институты» зерттеу компаниясының экзитпол нәтижелеріне сәйкес, республикалық референдумға қатысқан азаматтардың 86,7%-ы Конституцияға ұсынылған өзгерістерді қолдаған.
Әлеуметтік зерттеу барысында азаматтардың дауыс беру таңдауына қатысты пікірлері тіркеліп, нәтижесінде реформаларды қолдағандардың үлесі басым екені анықталған.
Еxit-poll – сайлау немесе референдум кезінде дауыс беріп шыққан азаматтардың пікірін білу мақсатында жүргізілетін әлеуметтік зерттеу әдісі. Оның нәтижелері ресми қорытынды болып саналмайды, алайда қоғамдағы жалпы үрдісті алдын ала бағалауға мүмкіндік береді.