14.07.2020, 09:40
Жаңалықтар
АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина жаздың соңында өндіріле бастайды – CNBC
2021 жылдың басында препараттың 300 млн дозасы дайын болады
Фото: ашық дереккөзден
АҚШ-тың денсаулық сақтау саласының өкілдері мен дәрі-дәрмек өндірушілері жаздың соңында коронавирусқа қарсы вакцинаны өндіруге кіріседі, деп хабарлайды CNBC телеарнасы.
«Алдағы төрт-алты апта ішінде коронавирусқа қарсы вакцина шығарыла бастайды. 2021 жылдың басында АҚШ препараттың 300 млн дозасын өндіріп шығарады», - деп жазады телеарна сайты Трамп әкімшілігіне сілтеме жасап.
Айта кету керек, Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 13 миллионнан, ал АҚШ-та 3,3 миллионнан асты.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
Бүгін, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 06:18
«Ақша бопсалаған»: Алматыда екі жасөспірім қаза тапқан төбелеске қатысты сот өтіп жатыр
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды
11.10.2026, 11:45
Шымкентте ТЖМ қызметкерлері 3 жасар баланы құтқарды