$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте жол апатынан кейін комада 35 күн жатқан ер адам есін жиды

Дәрігерлер науқастың бас сүйегіне трепанация жасап, сол жақ төбе аймағындағы жедел эпидуралды гематоманы алып тастады

Шымкентте жол апатынан кейін комада 35 күн жатқан ер адам есін жиды
Фото: Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы

Шымкентте жол апатынан кейін комада 35 күн бойы ес-түссіз жатқан ер адам есін жиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 31 жастағы науқас мотоцикл міне, жол апатына ұшыраған. Ол ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, алған жарақаттары аса ауыр болып, өміріне үлкен қауіп төндірген.

Науқасқа бірнеше рет күрделі операциялар жасалды. Дәрігерлер 35 күн бойы оның өмірі үшін үздіксіз күресті. Өмір мен өлімнің арасында жатқан науқас бүгін көзін ашып, есін жиды. Қазіргі таңда өздігінен тамақтана бастады.

«Науқасқа мынандай диагноздар қойылған: ауыр қосарланған жарақат, жабық бас-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі ашық бас-ми жарақаты, бас миының ауыр дәрежедегі соғылуы. Сонымен қатар сол жақ маңдай-төбе-самай сүйектерінің сызықты сынуы бас сүйек негізіне өтумен анықталған. Оң жақ самай аймағында және сол жақ төбе-самай аймағында жедел эпидуралды гематома, сол жақ маңдай және төбе аймағында, жарты шарлар арасындағы саңылау мен мишық шатыры бойында жедел субдуралды гематома тіркелген.

Сондай-ақ кеуде қуысының жабық жарақаты, сол жақ I, II, III қабырғалардың ортаңғы бұғана сызығы бойымен ығысусыз сызықты сынуы, сол жақ бұғана сүйегінің денесінің жабық көпжақты сынуы (сынықтардың ығысуымен), өкпенің соғылуы және бас миының ісінуі анықталған», – делінген хабарламада.

Дәрігерлер науқастың бас сүйегіне трепанация жасап, сол жақ төбе аймағындағы жедел эпидуралды гематоманы алып тастады.