$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.07.2020, 04:18
Жаңалықтар

Қостанайда карантин ережесіне бағынбаған 5 кәсіпкерлік нысанның жұмысы тоқтатылды

Карантин ережесіне бағынбағандар жазаланды

Қостанайда карантин ережесіне бағынбаған 5 кәсіпкерлік нысанның жұмысы тоқтатылды

Қостанайда бес кәсіпкерлік нысанның жұмысы тоқтатылды. Себебі олар локдаун режимі кезінде жасырын жұмыс істеген деп хабарлайды 24 Хабар.

Мұндай заң бұзушылықтарды рейдке шыққан арнайы мониторингтік топ анықтады.

Аймақта эпидемологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты өткен демалыс күндері бірқатар шектеулер енгізілді. Алайда көшеде жүрген ада азаймады. Қоғамдық тамақтану орындары мен интернет клубтар тәртіпке бағынбай жұмыстарын жалғастыра берген. Енді олар 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Сондай-ақ, коттедждерде мерекелік басқосулар, офистерде семинарлар өткізбек болғандардың да әрекеті жүзеге аспады.  

«Жеке тұлғаның кәсібін тіркемей, жеке тапсырыстар қабылдайтыны анықталды. Ол орын біздің басқармада тіркелмеген болып шықты. Барлық заң бұзушылықтарға әкімшілік іс қозғалады», дейді тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Анар Сүлейменова.

Серіктес жаңалықтары