$ 491.68  568.23  6.2
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында құтқарушылар қар құрсауында қалғандарға көмектесу үшін 30 км жаяу жүрген

Қар құрсауында қалған көліктерде 16 ересек адам және екі бала болған, ең кішкентайы – небәрі 8 айлық

Ақмола облысында құтқарушылар қар құрсауында қалғандарға көмектесу үшін 30 км жаяу жүрген
Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан скрин

Ақмола облысында құтқарушылар тасжолда көлігімен бірген қар құрсауында қалғандарға көмектесу үшін 30 км жаяу жүріп өткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ мәліметінше, Ақмола облысында Шортанды – Жолымбет автожолының 50 шақырымдық учаскесінде қатты боран салдарынан 6 түрлі жерде 12 автокөлік қар құрсауында қалды. Көліктерде 16 ересек адам және екі бала болған, ең кішкентайы – небәрі 8 айлық.

Көмекке ТЖМ құтқарушылары арнайы жол талғамайтын көлікпен шықты. Эвакуация жұмысына №18 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ілияс Әубәкіров, аға өрт сөндіруші-құтқарушы Диас Менкин және өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі Тұрсын Қабыл қатысты.

«Бір мезетте ауа райы күрт нашарлап, көріну мүлдем төмендеп кетті. Осыған байланысты құтқару техникасын жаяу сүйемелдеу туралы шешім қабылданды. Үш құтқарушы кезектесіп, алапат боранда 30 шақырым бойы құтқару техникасының алдында жаяу жүріп, жол көрсетіп отырды. Техникада 18 эвакуацияланған адам болған.

Барлығы аман-есен Жолымбет кентіне жеткізілді, онда оларға ас-су мен түнеу орны ұйымдастырылды», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.