12.03.2026, 16:14
Жаңалықтар
БҚО-да экологияға ірі көлемде зиян келтірген компания 2 млрд теңге айыппұл төлейтін болды
Компаниядан ірі көлемде айыппұл өндірілді
Фото: istockphoto.com
БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының қызметіне талдау жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аталған компания қоршаған ортаны ластаушы заттарды шығарған. Нормадан тыс шығарылған заттардың мөлшері 13,8 тоннаны құрады. Жүргізілген талдаудың нәтижесінде уәкілетті органға ұсыну енгізілді.
«Экология департаменті КПО б.в. компаниясына ҚР ӘКБтК-ның 328-бабымен хаттама толтырып, 2 млрд теңге айыппұл салды. Айыппұл өндірілді.
Мұнай-газ саласы субъектілерінің экологиялық заңнаманы сақтау мәселелері прокуратураның тұрақты бақылауында», – делінген прокуратура хабарламасында.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды