$ 489.39  567.99  6.19
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңа Конституция қазіргі заман талабына сай еніп отырған реформаларды қамтиды – мәслихат депутаты

Түсіндіру жұмыстары да белсенді жүргізілген

Жаңа Конституция қазіргі заман талабына сай еніп отырған реформаларды қамтиды – мәслихат депутаты
Фото: видеодан скриншот

Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ форумында Павлодар облысы аудан мәслихатының депутаты Бауыржан Молдабеков өңірінде жаңа Конституция жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Астанадағы бүгінгі форумға қатысып жатқаныма қуаныштымын. Павлодар облысында құрылған коалиция мүшелері барлық кіші және ірі ауылдарды аралап, жаңа Конституция жобасы бойынша түсіндіру және насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар бұл ақпаратты жақсы қабылдады, бәрі түсінікті болды», – деді ол.

Депутаттың сөзінше, облыста алдағы референдумға дайындық толық жүргізілген, халық өзгерістерді түсініп, қолдауға дайын.

 «Жаңа Конституция қазіргі заман талабына сай еніп отырған реформаларды қамтиды. Ол жеке құқықтарымызды қорғауға, цифрлық дәуірде болып жатқан өзгерістерге бейімделуге бағытталған. Сондықтан біз оны толық қолдаймыз», – деді Бауыржан Молдабеков.