Қар, көктайғақ, боран: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер жолдарда көктайғақ болатынын айтты
Қазақстанның бірқатар өңірінде 12 наурызға дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлытау облысында түнде батыста, солтүстікте, шығыста қар жауып, боран соғады. Күндіз солтүстік пен шығыста аздаған қар, жаяу борасын күтіледі. Батыста және оңтүстікте тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, батыста, солтүстікте, шығыста екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қар мен боран болады. Шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, батыста, солтүстікте, шығыста екпіні 15–20, кей уақытта 23–28 м/с дейін күшейеді. Қарағанды қаласында қар жауып, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15–20 м/с.
Павлодар облысында қар жауып, боран болады. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 м/с, оңтүстігі мен батысында екпіні 23–28 м/с дейін жетеді. Павлодар қаласында да қар мен боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15–20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, тау бөктері мен таулы аудандарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, оңтүстігінде және таулы өңірлерде екпіні 15–20 м/с. Түнде солтүстігінде және таулы аудандарында аяз 25 градусқа дейін күшейеді. Алматыда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан, екпіні 15 м/с. Қонаевта да тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан, екпіні 15–20 м/с. Іле Алатауының тауларында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан, екпіні 15–20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жауып, боран соғады. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ күтіледі. Батысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 м/с, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23–28 м/с дейін жетеді. Петропавлда түнде қар мен боран, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 м/с, екпіні 25 м/с.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, таулы өңірлерде екпіні 15–20 м/с. Шымкентте кей уақыттарда тұман түседі. Түркістан қаласында да ара-тұра тұман болады.
Атырау облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде қар жауып, боран соғады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғып, батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с, кей кезде 23–28 м/с дейін күшейеді. Семейде қар жауып, боран болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, екпіні 15–20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде көктайғақ пен тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең көктайғақ болып, тұман түседі.
Ақтөбе облысында түнде солтүстік-шығысында және шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу борасын және көктайғақ болады. Батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Ақтөбеде ара-тұра тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, түнде екпіні 15 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады. Түнде және таңертең шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан, солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Өскеменде күндіз қар жауып, боран болады. Жел оңтүстік-шығыстан, екпіні 15–20 м/с.
Қостанай облысында түнде қар жауып, боран соғады, солтүстігінде аздаған қар мен боран күтіледі. Күндіз шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ болады. Батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15–20 м/с, түнде шығысында кей уақытта 23–28 м/с дейін күшейеді. Қостанайда түнде аздаған қар жауып, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15–20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Қызылордада ара-тұра тұман болады.
Маңғыстау облысында түнде батысында тұман түседі.
Ақмола облысында түнде қар жауып, боран соғады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с, солтүстігі мен шығысында кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін. Көкшетауда түнде қар мен боран, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ болады. Астанада ара-тұра қар жауып, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с, түнде кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары.
Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, таулы өңірлерде екпіні 15–20 м/с. Таразда ара-тұра тұман болады.
Жетісу облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, шығысында және таулы өңірлерде екпіні 15–20 м/с, Алакөл көлдері маңында 23–28 м/с дейін күшейеді. Түнде солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында аяз 25 градусқа дейін күшейеді.