Тоқаев Иранның БАӘ-ге жасаған шабуыл әрекетін айыптады
Президент Таяу Шығыстағы шиеленісті ушықтыратын қадамдарға жол бермеу керек екенін айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктеріне бағытталған зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған шабуыл әрекеттерін айыптады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл оқиғалардың салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға елеулі зиян келген.
Мемлекет басшысы мұндай әскери әрекеттер Таяу Шығыстағы жағдайды одан әрі ушықтырып, аймақтағы тұрақтылыққа қауіп төндіретінін атап өтті. Оның пікірінше, қарулы қақтығысты күшейтетін мұндай әрекеттерді ақтауға ешқандай негіз жоқ.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық деңгейдегі даулы мәселелерді шешудің ең тиімді әрі дұрыс жолы – дипломатиялық тәсілдерге жүгіну екенін атап өтті.