10.03.2026, 14:39
Жаңалықтар
Оралда ер адам өзі жұмыс істейтін дүкеннен ақша ұрлаймын деп темір торға қамалды
Ер адамның 190 мың теңгені үптеп кеткені анықталды
Орал қаласындағы дүкендердің бірінде кассадан ақша ұрлау қылмысы тіркелді. Ер адам мүмкіндігін пайдаланып, ірі көлемдегі ақшаны ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ұрлық сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, оны қолға түсірді. Оның осы сауда орнында тағылымдамадан өтіп жүргені анықталды. Оның әрекеті бейнебақылау камераларына жазылған.
Ұрланған 190 мың теңге тәркіленді.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды