Жол жиегіне шығып кетті: СҚО-да Hyundai Sonata мен Toyota Alphard соқтығысып қалды
Оқыс оқиға 8 наурыз күні болды
Петропавл қаласының іргесінде 8 наурыз күні Hyundai Sonata мен Toyota Alphard көліктері соқтығысып қалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі pkzsk.info басылымына сілтеме жасап хабарлайды
Полиция департаментінің мәліметінше, 8 наурызда KAZ02 автожолының 496-шы километрі, «Петропавл – Соколовка» жолына бұрылыста, Hyundai Sonata мен Toyota Alphard көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 33 жастағы Hyundai Sonata жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Оған алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.
Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізілуде, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, ауа райы мен жол жағдайын ескеру, көліктің техникалық жағдайын бақылау және еңбек пен демалыс режимін сақтау бойынша ескерту жасады.