13.07.2020, 16:13
Жаңалықтар
Әлемде коронавирус жұқтырғандардың 60 пайызы маусым айында тіркелді – ДДСҰ
Маусымның соңғы аптасында күн сайын 160 мың адамнан COVID-19 анықталған
Фото: ашық дереккөзден
Әлемде СOVID-19 жұқтырғандардың 60 пайызға жуығы маусым айында тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
«Әлемдегі коронавирус жұқтырғандардың 60 пайызы маусым айында анықталды. Маусым айының соңғы аптасында күн сайын COVID-19 жұқтырған 160 мыңнан астам адам тіркеліп отырды», - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус.
Ол жағдайды бақылауға алу үшін пандемиямен күресте кешенді шаралар қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар ДДСҰ басшысы медқызметкерлерді коронавирус жұқтырғандармен дұрыс жұмыс істеуге және халықты ақпараттандыруға үйрету керек екенін айтты.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады