$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.07.2020, 14:43
Жаңалықтар

Мемкірістер департаментіне 16 тонналық оттегі сыйымдылығын елге кіргізу туралы өтініш түскен жоқ – Қаржы министрлігі

Оттегі шығаратын оралдық зауыт қожайыны Мемлекеттік кірістер комитетінің Нидерландының Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде берген 16 тонналық оттегі сыйымдылығын елге кіргізбей отырғанын айтқан еді

Мемкірістер департаментіне 16 тонналық оттегі сыйымдылығын елге кіргізу туралы өтініш түскен жоқ – Қаржы министрлігі
Фото: ашық дереккөзден

Azattyq Rýhy сайтында «Мемкіріс комитеті шетелдіктер тегін берген 16 тонналық оттегі сыйымдылығын елге кіргізбей отыр» деген тақырыппен материал жарияланған еді. ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі бұл мәселеге қатысты түсінік берді.

«Мән-жайды анықтау үшін Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) «Азот зауыты» ЖШС-нің бас директоры Ерболат Әлмұхаметовпен хабарласты. Ол Нидерландтағы зауыттың гуманитарлық көмек ретінде ақысыз негізде берген 2 оттегі сыйымдылығын екі аптаның ішінде уақытша әкелуді жоспарлап отырғанын түсіндірді. Қазіргі уақытта тауар бойынша мәліметтер мен құжаттар жоқ. Аталған мәселе бойынша Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне өтініш түскен жоқ», - деп жазылған хабарламада.

Қаржы министрлігі өкілдерінің айтуынша, шетелден гуманитарлық ақысыз көмек ретінде тауарлар әкелінген жағдайда, мұндай жүктер кеден органына мынадай құжаттарды ұсынған кезде кедендік баждарды төлеуден босатылады: көліктік (тасымалдау) не коммерциялық құжаттар және (немесе) тауарды әкелу мақсаты көрсетілуі тиіс дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растауы; тауарлардың ақысыз берілу фактісін растайтын тауарларды жөнелтушінің растауы; тауарды алушының тауарларды мақсатты пайдалануы туралы міндеттемесі.

«Кедендік төлемдерді төлеуден босату үшін ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 399-бабы және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 80-бабы негіз болады. Аталған тауарларды коммерциялық мақсатта кері қайтару шарттарымен әкелген жағдайда, уақытша әкелу кедендік рәсімі қолданылуы мүмкін. Көрсетілген рәсім кезінде тиесілі кедендік төлемдер мен салықтар сомасынан 3% көлемінде төлемдер төленуге жатады, не болмаса төлемдерді төлеуден босату белгіленген тауарлардың (оның ішінде медициналық тауарлар) тізбесіне сәйкес болған жағдайда кедендік төлемдерді төлеуден толық босатылады.  Ілеспе құжаттар ұсынылғаннан кейін тауарларды кедендік тазарту бойынша нақты түсіндірмелер беріледі», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары