$ 493.85  571.78  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндері қалай жұмыс істейді

ХҚКО-лардың жұмыс уақытына өзгерістер енгізілді

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндері қалай жұмыс істейді
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы кезіндегі халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесін ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Мереке күндеріне байланысты ХҚКО-лардың жұмыс уақытына өзгерістер енгізілді:

8 және 9 наурыз – ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін демалыс. Кезекші бөлімдер де жұмыс істемейді.

21, 22, 23 және 24 наурыз – Наурыз мейрамына байланысты демалыс.

25 наурыз – тек кезекші ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. Қабылдау уақыты: 09:00-ден 13:00-ге дейін.

Басқа уақытта орталықтар штаттық режимде қызмет көрсететін болады.

Естеріңізге сала кетейік, штаттық жұмыс күндері ХҚКО-лар келесі кестемен жұмыс істейді:

1. Дүйсенбі-жұма күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін.

2. Кезекші бөлімдер: жұмыс күндері 20:00-ге дейін, сенбіде 13:00-ге дейін.