$ 493.36  572.84  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қар мен жаңбыр: 6 наурызда ауа райы қандай болады

Оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын күтіледі

Қар мен жаңбыр: 6 наурызда ауа райы қандай болады
Фото: © freepik.com

Солтүстік-батыстан келген циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар 6 наурыз күні Қазақстанның барлық аумағына жауын-шашын (жаңбыр, қар) әкеледі, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Елдің оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түсуі мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік және шығыс өңірлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Астанада ауа райы құбылмалы бұлтты, қар жауады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз -1...-3°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Жел 3-8 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -1...+1°C, күндіз +3...+5°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +9...+11°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +10...+12°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, қар жауады. Жел 5-10 м/с, екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз 0...+2°C.

Атырауда құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +5...+7°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз 0...+2°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, қар жауады. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз 0...-2°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз -3...-5°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Жел 9-14 м/с, екпіні 17-22 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0...-2°C, күндіз +3...+5°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, қар жауады. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -17...-19°C, күндіз -3...-5°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0...-2°C, күндіз +7...+9°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз 0...-2°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -17...-19°C, күндіз -7...-9°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, қар жауады. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз -1...+1°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр аралас қар жауады. Жел 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +2...+4°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +6...+8°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +8...+10°C.

Оралда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0...-2°C, күндіз 0...+2°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, қар жауады. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз -1...+1°C.