Қазақстан отыз бесінші рет тойлайды: 8 наурыз мерекесінің тарихы
БҰҰ ресми түрде 8 наурыз күнін 1975 жылы бекітті
Қазақстанда жыл сайын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні тойланады. 2026 жылы Қазақстан тәуелсіз ел ретінде Халықаралық әйелдер күнін отыз бесінші рет тойлайды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Әйелдер құқығы үшін күрес
Бұл мереке әйелдер құқығы үшін күреспен тығыз байланысты.1857 жылы 8 наурызда Нью-Йоркте жұмысшы әйелдер митингіге шыққан. Олар 10 сағаттық жұмыс күнін қысқартуды, жарық әрі құрғақ жұмыс орындарын және ерлермен тең жалақы төлеуді талап еткен. Сол кезде әйелдер 16 сағат еңбек етіп, өте аз жалақы алатын.
1910 жылы Германияның социал-демократиясының жетекші қайраткері Клара Цеткин Копенгагендегі конференцияда әйелдердің теңдігі мен эмансипациясы үшін халықаралық күрес күнін құруды ұсынды. 17 елден жүзге жуық қатысушы бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
1911 жылы мереке алғаш рет Германия, Австрия, Венгрия, Дания және Швейцарияда өткен. Қала көшелерінде миллионнан астам адам жүріп өтті. Ал Парижде бұл мереке коммуна күнімен қосылып, 19 наурызда өтті.
1917 жылы Ресейдегі ақпан оқиғалары кезінде Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі митингтер нағыз тәртіпсіздікке айналды. Қарсы шыққан әйелдер жұмыс жағдайына наразылық білдіріп, трамвайларды аударып, полициямен қақтығысқа түсті.
Мерекенің КСРО-дағы тарихиы
КСРО-да 8 наурыз мерекесі революциядан кейін, әйелдер сайлауға қатыса бастаған кезеңнен бастап дами бастады. Бұл Ұлыбританияға қарағанда бір жылға, ал АҚШ-қа қарағанда үш жылға ерте болды.
1921 жылы мереке мемлекеттік деңгейде бекіді. Сол уақыттан бастап Кеңес Одағында әйелдер кәсіподақтары, комитеттері мен ұйымдары құрылып, әйелдердің құқықтары мен бостандықтарына назар аударылды. 1965 жылы КСРО жоғарғы кеңесінің төралқасы 8 наурызды жұмыс істемейтін күн деп жариялады, және мереке гендерлік сипатқа ие бола бастады. Газеттерде мерекеде белсенділік көрсеткен жұмысшылардың суреттері жарияланды.
1975 жылы БҰҰ 8 наурызды Халықаралық әйелдер күні деп бекітті. Сол кезден бастап әр жыл сайын әйелдер құқығы мен олардың проблемаларына назар аударуға арналған іс-шаралар өткен болатын.
Мерекенің түсі мен символикасы
8 наурыз мерекесінің ресми түсі күлгін, жасыл және ақ болып белгіленген. Күлгін әділдік пен қадір-қасиетті, жасыл үмітті, ал ақ түс тазалықты білдіреді. Бұл символика феминизмнің және теңдік үшін күрестің белгісі ретінде 1908 жылы британдық әйелдер әлеуметтік-саяси одағы ұсынған.
Қазақстанда бұл күн – демалыс күні. Әйелдерге гүлдер мен сыйлықтар беріледі, мерекеден бірнеше күн бұрын олардың сатылымы көбейіп, дүкендерде дүрбелең басталады.
Әлемде 8 наурыз қалай тойланады
- АҚШ: 8 наурыз – Әйелдер тарихы айы. Президент әр жыл сайын америкалық әйелдердің жетістіктеріне құрмет көрсететін айтады.
- Германия: Бұл күн ресми демалыс күні емес. ГДР-да мерекеленсе, ГФР тұрғындары көбіне бейхабар. Германияда аналар күні мамыр айында тойланады.
- Польша: Ерлер әйелдерді гүлдермен және символдық сыйлықтармен құттықтайды. Мереке бейресми, жұмыс күні болып қалады.
- Италия: 1946 жылдан бері мимоза гүлі мерекенің символы.
- Вьетнам: Бұрын «Чинг апалы-сіңлілерді еске алу күні» деп айтылған, қазір Халықаралық әйелдер күнімен тұспа-тұс келеді.
- Литва: Мереке ресми түрде тойланбайды, социалистік өткенмен байланысты дәстүрлер сақталған.
- Франция: Мереке тек коммунистер тарапынан тойланады, ал әйелдерді құрметтеу мамыр айындағы Аналар күніне ауыстырылған.
- Болгария: Үлкен ауқымда тойланады, бірақ көпшілігі үшін бұл мереке бейресми сипатта, жұмысшылардың мерекелік іс-шарасы ретінде өтеді.