$ 493.85  571.78  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаржы пирамидасына алданған Семей тұрғындары әділдік іздеп жүр

Келтірілген жалпы шығын көлемі миллиард теңгеден асып жығылған

Қаржы пирамидасына алданған Семей тұрғындары әділдік іздеп жүр
Фото: © istockphoto.com

Семей қаласында қаржы пирамидасының құрбаны болған жүздеген тұрғын әлі күнге дейін әділдік іздеп жүр. Ресми мәлімет бойынша, келтірілген жалпы шығын көлемі миллиард теңгеден асып жығылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Зардап шеккендердің арасында тағдыры талқандалған жандар аз емес. Солардың бірі бес баланың анасы, ол баспаналы боламын деп 15 миллион теңгесін алаяқтарға беріп қойған.

«Танысым балаларыңмен кең сарайдай үйде тұрасың деп сендірді. Тіпті менің ерекше балам бар екенін біле тұра осындай қадамға барды. Қазір бір жарым жылдан бері туыстарымды жағалап, жалдамалы пәтерде күнелтіп жүрмін», — дейді жәбірленуші.

Тағы бір тұрғын «Рахат» ЖШС-не сеніп, 200 миллион теңгеге жуық қаржысын салған. Оның айтуынша, басында аздаған сома салып, сенімге кірген соң, ірі көлемде қаржы құйған. Енді ол қаражатын қайтара алмай отыр.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл ұйым классикалық пирамида әдісімен жұмыс істеген: бір салымшының ақшасы екіншісіне төлем ретінде беріліп отырған.

Істің негізгі деректері: Семей бойынша ресми түрде 141 жәбірленуші тіркелген; Шығын көлемі 1 миллиард теңгеден асады; 200 миллион теңгеден астам сома ішінара өтелген; Іс бойынша 6 адам жауапқа тартылуда.

«Қазіргі уақытта іс сотта қаралып жатыр. Құқық қорғау органдары азаматтарды күмәнді қаржылық ұсыныстардан сақ болуға шақырады», — деді Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті бастығының орынбасары Сәкен Қондыбаев.