$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.07.2020, 01:07
Жаңалықтар

13 шілде күніне арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбі күні республиканың басым бөлігінде күн ыстық болады

13 шілде күніне арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

13 шілде күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, ыстық болады. Солтүстік және солтүстік-шығыста жаңбыр жауып, жел күшейеді. Оңтүстікте және батыста - шаңды дауыл, шығыста бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

13 шілде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысында желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. 15-20 м/с жылдамдықтағы жел 25 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Ақмола облысының кей жерлерінде, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық, оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.

Атырау облысында, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары