$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.07.2020, 21:38
Жаңалықтар

Сегіз облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

13 шілдеде бірнеше облыста аптап ыстық болады, кей жерлерде шаңды дауыл соғады

Сегіз облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Сегіз облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

13 күндіз шілдеде Қостанай облысында оңтүстікте 37 градусқа дейін қатты ыстық болуы ықтимал.

13 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Күндіз 43 градус қатты ыстық күтіледі. Сол күні таңертең және күндіз Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылға айналады. Ертең күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі.

13 шілдеде түнде Ақмола облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді. 13-15 шілдеде күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде 35 градус қатты ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

13 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі.

13-15 шілдеде күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 39 градус қатты ыстық болуы мүмкін. Сол күні Жезқазған қаласында 37-39 градус қатты ыстық күтіледі.

13 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін. Күндіз кей жерлерде 38-41 градус қатты ыстық сақталады.

13 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Сол күні күндіз Шымкентте солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіне 15-20 м/с жетуі мүмкін. Дүйсенбіде күндіз Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің соғады.

13 шілдеде күндіз Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с жетеді. Сол күні күндіз Атырау қаласында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Серіктес жаңалықтары