Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасы меншік құқығын қорғауға бағыттылған
Шығыс Қазақстанда жаңа Конституцияның кәсіпкерлікке ықпалы талқыланды
Өскемен қаласы Орталық мәдениет үйінде «Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері Шығыс Қазақстан облысының шағын және орта бизнес пен агроөнеркәсіп кешені өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Делегацияны Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева басқарды. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұлықбек Тұмашинов пен Сергей Пономарев, Өскемен қаласы бойынша коалиция төрағасының орынбасары Сергей Коротин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин қатысты.
Кездесу барысында ҚР премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тұрақты құқықтық ортаны құрудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ жаңа Конституция жобасының инвестицияларды қорғауды күшейтуге, сот жүйесіне сенім арттыруға және тұрақты экономикалық дамуға жағдай жасауға бағытталғанын айтты.
«Кәсіпкер ойын ережелерінің кенеттен өзгермейтініне, инвестицияларының қорғалатынына, сот жүйесінің дауларды әділ әрі ашық шешетініне сенімді болуы қажет. Тек осындай жағдайда ғана ұзақмерзімді стратегиялар жасалып, жаңа жұмыс орындары ашылады, өндіріс дамиды. Сондықтан 15 наурыздағы референдум – осы қағидаларды конституциялық деңгейде бекітетін тарихи мүмкіндік. Жаңа Конституция жобасында меншік құқығын қорғау кепілдіктері күшейіп, заңдардың күші кері қолданылуына тыйым салынады, мемлекеттік басқарудың айқын әрі жауапты жүйесі қалыптасады. Бұл кәсіпкерлік үшін тәуекелдерді азайтса, ел үшін тұрақтылықты нығайтады, әр азамат үшінболашаққа сенімділік береді», – деп атап өтті Аида Балаева.
Үкімет басшысының орынбасары «Заң және тәртіп» қағидаты шынайы бәсекелестікті қалыптастыруға ықпал ететінін де сөз етті.
«Заң және тәртіп» қағидаты адал бәсекелестік ортасын құрмақ, онда заңдыбизнес қорғалыа, ал жасырын әрекеттер әшкереленеді. Әдл ережелер – кәсіпкердіңбасты серігі. Мемлекет басшысы «еңбек адамының» маңызын бекер атап өтпеді. Кәсіпкерлермен шаруалар – тәуекелге бел буып, жұмыс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамтитын, елдің экономикалық күшінқалыптастыратын адамдар. Жаңа Конституция экономикалық бастаманы қолдауға және сонымен бірге заңға, қоғамға, келешек ұрпаққадеген жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Қуатты экономиканы қуатты мемлекетсіз құрумүмкін емес. Ал қуатты мемлекетте сенім, әділдік және еңбекке құрмет басты құндылықтар болып саналады. Бүгінде Қазақстанның болашағы – тұрақты, бәсекегеқабілетті және өз күшіне сенімді ел болатыныбізге байланысты», – деді Аида Балаева.
Сонымен қатар, кездесуде реформаныңтәжірибелік жағы да сөз болды.
«Көп жылдар бойы ауыл шаруашылығы«қауіпті» саналды Біз құрғақшылықпен, бағамен және бюрократиямен күрестік. Ендіелдің Ата заңы халыққа азық беретін адамдардың мүдделерін басты орынға қояды. Конституцияда жер мен ресурстардың халыққа тиесілі екені анық көрсетілген. Шаруалар үшінбұл мемлекет жерлерді қорғауға, Жайылымдарды тозудан қорғау, суаружүйелерін қалпына келтіру және шөлейттенугеқарсы күресу мәселелері де қамтылған. Сондай-ақ заңдарды өткен күнмен қолдануғатыйым салу нормасының бекітілуі де өте маңызды. Бұл – техникаға несие алған кезденемесе инфрақұрылым салғанда ертең заңдар өзгеріп, қабылданған шешімдер қайта қаралыпкетпейтініне кепіл болатын құқықтыққорғанымыз. 15 наурызда біз ұжым болыпелдің жаңа болашағына бағытталған осы бастаманы қолдаймыз», – деді Людмила Цыбенко.
Кездесуде қатысушылар экономикалықжәне салалық мәселелермен қатар, реформалардың құндылықтарына да тоқталды. Атап айтсақ, жауапкершілікке шақыру, азаматтық қатысудың деңгейін арттыру және оны құру мәдениеті талқыланды«SAMGA» дамыту орталығының жетекшісі Әлия Көңілхан ел үшін тек экономикалық дамуемес, сонымен бірге адамгершілік құндылықтар, берік отбасы және болашаққа деген жауапкершілік маңызды екенін атап өтті. «NIETWOMAN» ҚҚ төрайымы Алтынай Төлеухан референдум мемлекетқұндылықтарын онжылдықтарғаайқындайтынын, ал әділ ережелер сенім, инвестиция мен даму үшін, әсіресе әлеуметтікэкономика мен әйелдер кәсіпкерлігіндемаңызды рөл атқаратынын мәлімдеді.
Кездесу соңында ШҚО-ның шағын және орта бизнесі мен агроөнеркәсіп кешенініңөкілдері конституциялық өзгерістертұрақтылыққа кепілдік беру, заңды құқықтардықорғау, өндірісті жаңғырту және өңірлердіңтұрақты дамуына жағдай жасауға жол ашатынын атап өтті.