$ 502.6  589.95  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

А.Балаева : Конституцияда басты орынғаазамат және оның құқықтары мен бостандықтары қойылған

А.Балаева : Конституцияда басты орынғаазамат және оның құқықтары мен бостандықтары қойылған
Фото: Жалпыұлттық коалиция

Өскемен қаласында «Қазцинк» ЖШС алаңында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері кәсіпорын ұжымымен кездесті. Жиынға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Мәжіліс депутаттары, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, сондай-ақ кәсіпорын мамандары қатысты.

Кездесу барысында Аида Балаева металлургия саласының Қазақстан экономикасындағы шешуші рөлін атап өтті. Бұл – елдің экспорттық әлеуетін айқындайтын, халықты жұмыспен қамти алатын және құрылыс, машина жасау және энергетиканың дамуына ықпал ететін негізгі салалардың бірі. Ол Ата заңның жаңа редакциясы еңбек, қауіпсіздік және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу мәселелерін тікелей қамтитынын ерекше айтты.

«Көп жылдан бері «Қазцинк» компаниясы Қазақстанның түсті металдар экспорттық нарығында ең жоғары бәсекелестікке төтеп беріп, қарқынды дамып жатқан ұжым. кәсібиліктің нәтижесі. Алайда, өнеркәсіптің әрі қарай дамуы, білікті мамандардың жұмыс істеуі және шетелдік инвестицияларды тарту үшін ішкі саяси тұрақтылық бізге бұрыннан да маңызды болып отыр. Өздеріңіз білесіздер, 15 наурызда жаңа Конституция бойынша референдум өтеді. Бұл – жай ресми рәсім емес. Әр азаматтың мемлекеттік маңызы бар мәселелерге атсалысып, өз ұстанымын тікелей білдіру мүмкіндігі. Соңғы жарты жылда Ата заңның жаңа мәтіні әзірленді. Ел тарихында алғаш рет Егемендік, Тәуелсіздік, ел аумағының тұтастығы мен басқару нысаны өзгермейтіні нақты бекітілді», – деді вице-премьер.

Сонымен қатар, Аида Балаева еңбек ұжымдарына тікелей қатысты нормаларға тоқталды.

«Ата заңда еңбек ету құқығы, қауіпсіз еңбек жағдайлары және әділ еңбекақы алу құқығы бекітіледі. Бұл нормалар өндірістік жарақаттыазайтуға және қызметкерлердің денсаулығын сақтауға бағытталған. Яғни еңбек жағдайы үшін жұмыс беруші мен мемлекеттің жауапкершілігі ең жоғары деңгейде – Конституцияда бекітіледі. Заң үстемдігі орныққан елде тұрақтылық пен ертеңгі күнге сенім мол болады. Демек, кәсіпорындар мен қызметкерлер отбасыларына жағдай жасайалады. Негізгі өзгеріс ретінде Конституцияда басты орынға азамат – оның құқықтары мен қажеттіліктері, еңбегі қойылғанын көруге болады», – деп атап өтті А.Балаева.

Кәсіпорын қызметкерлері алдында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев те сөз сөйледі. Ол жаңа Конституция жобасы цифрлық дәуір кезеңінде және онлайн ортада адам құқықтарын қорғауды күшейтетінін айтты.

«Енді Конституцияда интернеттегі хат алмасу мен коммуникация құпиясын қорғау, зияткерлік меншікті қорғау нормалары бекітіледі. Мемлекет жеке деректерді конституциялық деңгейде қорғауға алады. Бұл  деректердің желіге таралмауы, сатылмауы және адамға қарсы пайдаланылмауы үшін өте маңызды. Мемлекет адам құқықтарын, өмірін, денсаулығын, қауіпсіздігін шынайы өмірде ғана емес, онлайн кеңістікте де қорғайды», – деді депутат.

Өнеркәсіп саласының өкілдері де алдағы референдум экономиканың орнықты дамуы мен еңбек ұжымдарының болашағы үшін маңызды екенін сөз етті . «Қазцинк» Өскемен металлургия кешенінің директоры Тимур Тоқжігітов те пікірбілдірді.

«Қазцинкте 19 мыңға жуық адам жұмыс істейді, оның 4 мыңы – Өскемен металлургия алаңында қызмет етеді. Жұмысшылардыңтөрттен бірі – жалпы нәтижеге баршамен тең үлес қосып жүрген әйелдер. Біздің еңбек ұжымы үшін алдағы референдум – жай қоғамдық-саяси оқиға емес, біз еңбек етіп, бала тәрбиелеп, ұзақ мерзімді өндірістік жоспар құрып отырған елдің стратегиялық даму мәселесі. Біз 2026 жылғы 15 наурызда өтетін референдумға міндетті түрде қатысамыз», – деді Тимур Тоқжігітов.

Қызметкерлер атынан Мыс зауытының балқыту цехының аға шебері Аслан Тұрғамбаев та ойын ортаға салды.

«Қазцинк металлургтері – өндіріс адамдары. Біз тәртіпке, жауапкершілікке және нақты нәтижеге үйренгенбіз. Бүгінде еңбек адамының рөлін күшейту бағытындағы жүйелі қадамдарды көріп отырмыз. Жаңартылған Конституция құқықтар мен әлеуметтік кепілдіктерді нығайтып, анағұрлым орнықты әрі әділетті жүйе қалыптастыруға жол ашады. 15 наурызда ұжымымыз дауыс беру учаскелеріне келіп, референдумға қатысады. Біз еңбегі еленетін, ұзақмерзімді нәтижеге жоспар құратын қуатты, тұрақты және дамушы Қазақстанды таңдаймыз», – деді А.Тұрғамбаев.