$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.07.2020, 14:55
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанға COVID-19 және пневмонияны емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

Келіп түскен тауарлардың тізімінде дәрі-дәрмектің 350-ге жуық түрі бар

Нұр-Сұлтанға COVID-19 және пневмонияны емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

Нұр-Сұлтанға жүк ұшағымен COVID-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеуге қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілді деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет дәріханаларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр.  

«Алғашқы жөнелтілім кезінде қалаға 600 мыңнан астам дәрі-дәрмек қаптамасы жүк ұшағымен жеткізілді. Келіп түскен тауарлардың тізімінде дәрі-дәрмектің 350-ге жуық түрі бар. Мысалы, ксарелто, цефтриаксон, клексан, азитромицин, дексаметазон, метилпреднизолон, ибупрофен, нимесулид, кардиомагнил, левофлоксацин, метронидазол, гепарин, нимесулид, ибуфен, парацетамол, офлоксацин және т.б.» делінген хабарламада.

Ірі дәріхана желілеріне жеткізу ертең басталады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов дәріхана желілері дистрибьюторларымен, фармацевтика компаниялары және дәріханалардың өкілдерімен келіссөздер өткізді. Әкімдік Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, дәрі-дәрмектерді сатып алу мен әкелу рәсімдерін жеңілдетіп, логистика жұмысына қолдау көрсетеді.

«Уақытылы ақпарат алу үшін елорда әкімдігі covid19.astana.kz/ru парақшасын ашты, онда сіз коронавирус инфекциясы туралы ресми мәліметті, дәріханаларда бар дәрі-дәрмектердің тізімін біле аласыз» деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, жақында бұл дәрі-дәрмектен бөлек өкпені жасанды желдететін 200 құрылғысы, 500 флуометр, 500 оттегі концентраторы және 2 компьютерлік томограф жеткізіледі.
 

Серіктес жаңалықтары