БҚО-да өзендердегі мұзды жару үшін бюджеттен 280 млн теңге бөлінді
Мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталып, мердігер ұйымдар анықталды
Батыс Қазақстан облысында өзендерде мұз жару жұмысын жүргізуге дайындық басталады. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 280 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
«Мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталды, мердігер ұйымдар анықталды. Жұмыс кестесі бекітілді, мұз жару жұмысын наурыз айының басында бастау жоспарланып отыр», – деді ол.
Әкім орынбасарының айтуынша, өңірде мұндай жұмыстарды жүргізуге рұқсаты бар мамандандырылған компаниялар жоқ. Сондықтан басқа облыстардан шақырылады.
Жарылыс жұмысы көктемгі мұз жүру кезеңінде мұз кептелістерінің алдын алуға және су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған.