$ 501.75  591.96  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Каспий құбыр консорциумы былтыр 70,52 млн тонна мұнай тасымалдады

2025 жылы Теңізден 36,6 млн тонна мұнай КҚК жүйесіне қабылданды

Каспий құбыр консорциумы былтыр 70,52 млн тонна мұнай тасымалдады
Фото: Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметі

Абу-Даби қаласында Каспий құбыр консорциумы (КҚК) басқару органдарының отырыстары өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

КҚК-ның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, іс-шараға қатысушылар компанияның 2025 жылғы өндірістік және шаруашылық қызметінің қорытындыларын, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы нәтижелерін талқылады. Сондай-ақ биылға арналған жоспарлар қарастырылды.

«2025 жылы Теңіз – Новороссийск құбыр жүйесі арқылы 70,52 млн тонна мұнай тасымалданды. Оның ішінде 2025 жылы Теңіз кен орнынан 36,6 млн тонна, Қарашығанақ кен орнынан 9,2 млн тонна және Қашаған кен орнынан 17 млн тонна мұнай құбыр жүйесіне қабылданды», – делінген хабарламада.