$ 501.26  590.38  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның бірнеше қаласында ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамы белгілі болды

Қазақстанның бірнеше қаласында ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің мәліметінше, 26 ақпан күні еліміздің алты қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде зиянды қоспалар жерге жақын ауа қабатында жиналып, таралмай қалады.

«26 ақпанда ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Көкшетау, Павлодар, Орал, Ақтөбе қалаларында, сондай-ақ түнде Қостанай мен Атырауда күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) деген не?

ҚМЖ – бұл ауаның ластануына әсер ететін мынадай ауа райы құбылыстары:

  • Тымық ауа;
  • әлсіз жел;
  • тұман;
  • температуралық инверсия.

Мұндай кезде атмосферадағы зиянды заттар сейілмей, керісінше жерге жақын қабатта жиналады. Соның салдарынан ауа сапасы уақытша нашарлайды. Әсіресе тығыз қоныстанған аудандар мен өндірістік аймақтарда бұл құбылыс айқын байқалады.