$ 497.33  586.7  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бурабайда қар үстінде арнайы көлікпен серуен құрып жүрген қыз бала қайғылы жағдайға ұшырады

Қайғылы оқиға 14 ақпан күні болды

Бурабайда қар үстінде арнайы көлікпен серуен құрып жүрген қыз бала қайғылы жағдайға ұшырады
Фото: istockphoto.com

Бурабайда қыз бала қар үстінде жүретін көліктен құлап, көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Krispmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 14 ақпан күні болған. Зардап шегуші медициналық мекемеге аса ауыр жағдайда жеткізілген. Қыз бала есін жимастан сол қалпында көз жұмды.

«23 ақпан күні таңертең көз жұмды. Жазатайым оқиға салдарынан қыз баланың бассүйек сүйектері, бассүйек негізі және бет сүйектері сынған, сондай-ақ ауыр ашық бас-ми жарақатын, ауыр дәрежедегі травматикалық шокты қоса алғанда, көптеген аса ауыр жарақаттар алған. Медициналық болжам бастапқыдан-ақ өте қолайсыз болды, себебі жарақаттар іс жүзінде адамның ары қарай өмір сүруіне мүмкіндік бермейді», – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиғадан кейін өңір полициясы ең алдымен Бурабай курорттық аймақтарында қар көліктері мен квадроциклдерді тексеруді күшейтті. Мұндай көлік иелеріне пайдалану қағидаларын қатаң сақтау, қорғаныс жабдықтарын қолдану және қауіпсіздік талаптарын бұза отырып жолаушыларды тасымалдауға жол бермеу қажеттігі ескертілді.