$ 497.33  586.7  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да шенеунік жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінді

Мектеп оқушысына жасалған зорлық дерегі бойынша іс қозғалды, күдікті әлі ұсталған жоқ

БҚО-да шенеунік жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінді
Фото: freepik.com

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында мектеп оқушысын зорлау фактісі бойынша күдікке ілінген азамат жоғары лауазымды тұлға болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Уральская неделя басылымының мәліметінше, күдіктінің аты-жөні ресми түрде жарияланбай отыр. Оқиға бір айдан астам уақыт өтсе де, күдікті қамауға алынбаған. Зардап шеккен қыздың әкесі жергілікті басылымға оқиғаның кейбір мән-жайын баяндады. Оның айтуынша, 2 қаңтар күні 57 жастағы ер адам қызын алдап үйіне шақырып, зорлаған. Кейін әкесі полицияға арызданған соң күдікті ұсталып, сұрақ-жауап алынған. Ол бөлімшеде істеген қылмысын мойындаса да полиция қызметкерлері оны жібере салған. 

«Ол жасаған ісін мойындады, қызым да оны таныды. Бірақ полиция оны үйіне жібере салды. Ал содан кейін маған телефон арқылы қоқан-лоқы көрсете бастады. Біз қарапайым адамдармыз, адвокатты жақында ғана жалдадық. Ақша жинадық», – дейді қыздың әкесі.

Әкесінің сөзінше, құқық қорғау органдары бұл іске жеткілікті деңгейде мән бермей отыр. Ол тергеудің аяқсыз қалып, күдікті тиісті жазадан сытылып кететініне алаңдаулы.

Бұған дейін БҚО полиция департаменті осы іске қатысты мәлімдеме жасап, күдіктінің қамауда екенін хабарлаған еді.  

«Шыңғырлау аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі тергеу әрекеттері кешені жүргізілгеннен кейін шешіледі», — деп мәлімдеді полиция департаменті.