$ 497.33  586.7  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Грузия премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Бірқатар салада ықпалдастықты кеңейтудің жай-жапсары талқыланды

Тоқаев Грузия премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Грузия тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында өзара қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады.

Көлік-транзит, энергетика және туризм секілді бағыттарға басымдық бере отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейтудің жай-жапсарына айрықша назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыруға келісті.