$ 494.66  581.87  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда доллар бірнеше күнде 8 теңгеге қымбаттады

Валютаның ресми бағамы жарияланды

Қазақстанда доллар бірнеше күнде 8 теңгеге қымбаттады
Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 497,33 теңгені құрап, 1,29 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметінше, сауда нәтижесінде доллар бағамы жоғарылаған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 23 ақпанға белгілеген доллардың ресми бағамы – 494,66 теңге.

Kurs.kz сайтының дерегінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 495,32 теңге, сату бағамы – 498,02 теңге. Астана қаласында долларды орта есеппен 494 теңгеден сатып алып, 501 теңгеден сатады. Шымкент қаласында долларды орта есеппен 497,3 теңгеден сатып алып, 498,38 теңгеден сатады.

Айта кетейік, 19 ақпанда АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 489,17 теңгені құраған.