$ 494.66  581.87  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Іздеуде болған танымал есірткі бароны қаза тапты: Мексиканың 6 штатында қақтығыс жүріп жатыр (ВИДЕО)

Оған қатысты мәлімет үшін АҚШ 15 млн доллар сыйақы жариялаған

Іздеуде болған танымал есірткі бароны қаза тапты: Мексиканың 6 штатында қақтығыс жүріп жатыр (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Әлемде ұзақ уақыт іздеуде болған есірткі барондарының бірі – мексикалық Эль Менчо арнайы операция барысында қаза болған туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мексиканың күштік құрылымдары Эль Менчо лақап атымен белгілі Немесио Осегера Сервантесті арнайы операция кезінде көзін жойған. Ол елдегі ең ықпалды наркобарондардың бірі әрі әлем бойынша ең көп іздеуде жүрген қылмыскерлердің қатарында болған. Осыған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті оны ұстауға әкелетін кез келген ақпарат үшін 15 млн доллар көлемінде сыйақы жариялаған еді.

Операцияның нақты мән-жайы жария етілмейді. Анонимді дереккөздердің мәліметінше, наркобарон Халиско штатындағы Пуэрто-Вальярта қаласында блок-бекеттегі көлікті тексеру кезінде қаза тапқан. Оған федералдық полиция мен Мексиканың теңіз жаяу әскері қатысқан.

Эль Менчоның қаза тапқаны туралы хабарлардан кейін кемінде алты штатта тәртіпсіздіктер тіркелді. Халиско штатында төтенше жағдай режимі енгізіліп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «қызыл код» жарияланды, жолдар жабылды.

АҚШ елшілігі Мехикодағы елшілігі Халиско штатында жүрген америкалық азаматтарға қосымша нұсқау берілгенге дейін үйлерінен немесе паналау орындарынан шықпауға кеңес берді.

Эль Менчо 2016 жылы ұсталған Хоакин Гусманнан (Эль Чапо) кейінгі кезеңде Мексикадағы ең ықпалды наркобарон саналған.

Бұған дейін Дональд Трамп мексикалық есірткі картельдеріне қарсы соққы беру жоспары бар екенін мәлімдеген болатын. Осының аясында Мексика үкіметі тыйым салынған заттардың АҚШ-қа тасымалын тоқтатуға ниетті екенін көрсету үшін картельдерге қарсы күресті күшейткен.