$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.07.2020, 05:29
Жаңалықтар

Ауаға белгісіз зат таратқан ұшақ туралы видео Қазақстанда түсірілмеген - министрлік

Әлеуметтік желілерде ұшақтан қызыл түсті белгісіз затты аспаннан шашқан ұшақтың видеосы тарап жүр

Ауаға белгісіз зат таратқан ұшақ туралы видео Қазақстанда түсірілмеген - министрлік
Фото: ашық дереккөзден

Алып ұшақтың ауаға белгісіз зат таратқан видеосы «Қазақстанда болған жағдай» деген жазумен әлеуметтік желіге тарап кеткен еді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі министрліктің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

«Абайлаңыз, жалған ақпарат! Әлеуметтік желілерде ұшақтан қызыл түсті белгісіз затты аспаннан шашқан ұшақтың видеосы тарап жүр. Ол видеоның Қазақстанда түсірілгені туралы жалған ақпарат тарап кеткен. Қолдағы мәлімет бойынша, бұл ұшақ АҚШ-қа тиесілі. Ал ауаға шашылған қызыл түсті зат – өрт сөндіруге арналған», - делінген хабарламада.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары