$ 494.66  581.87  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде он күнде қар құрсауынан 145 адам құтқарылды

Олардың 17-сі – балалар

Елімізде он күнде қар құрсауынан 145 адам құтқарылды
Фото: polisia.kz

Ақпан айының ортасында басталған қолайсыз ауа райы жол қозғалысына кедергі келтірді. 11 ақпан мен 20 ақпан аралығында Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары жолда қалған 145 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

ТЖМ мәліметінше, соңғы 10 күнде құтқарылған 145 адамның 17-сі – балалар. Сонымен қатар, қар құрсауында қалып қойған 48 автокөлік қауіпсіз жерге шығарылған.

Құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен полицейлер жұмылдырылған. Апаттық-құтқару шаралары барысында жол талғамайтын арнайы техникалар қолданылып, күрделі учаскелерде патрульдеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілген.

Министрлік ауа райының нашарлайтыны туралы ақпаратты алдын ала таратқан. 

Дауылды ескертулер мен СМС-хабарламалар жіберілді;

Әлеуметтік желілер мен ресми интернет-ресурстар арқылы халық құлақтандырылды;

Күрделі жол учаскелерінде тұрақты кезекшілік ұйымдастырылды.

Құтқарушылар мен полицейлердің үйлесімді жұмысының арқасында жолда қалып қойған жолаушыларға жедел көмек көрсетілген. 

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынды:

1. Ауа райы нашарлаған уақытта алыс сапарға шығудан бас тартыңыз.

2. Қарлы боран мен аязда жаяу алысқа жол жүрмеңіз.

3. Жолдардың ашық немесе жабық екенін сенімді дереккөздерден тексеріңіз.