20.02.2026, 11:37
Жаңалықтар
Семейде мас күйінде рульге отырған әйел адам ұсталды (ВИДЕО)
Мас жүргізушінің 33 жаста екені белгілі болды
Фото: istockphoto.com
Абай облысы аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы кезекті рейд барысында тәртіп сақшылары кезекті заң бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Семей қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері «HONDA» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлік тізгінінде 33 жастағы әйел адам болған. Оның қимыл-қозғалысы мен сөйлеу мәнері полиция қызметкерлеріне күдік тудырған.
«Жүргізушінің әрекеттері сенімсіз, жауаптары шашыраңқы болғандықтан, тәртіп сақшылары оны медициналық куәландырудан өткізу туралы шешім қабылдады. Тексеру нәтижесі күдікті растады. Сараптама қорытындысына сәйкес, әйел адам жеңіл дәрежелі масаң күйде болған», – делінген ПД хабарламасында.
Көп оқылған
06.07.2026, 12:45
Ертіс жағасында жоғалып кеткен бойжеткен дронның көмегімен табылды
06.07.2026, 06:26
Норвегия сенсация жасап, Бразилияны әлем чемпионатынан шығарды
06.07.2026, 10:31
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады
06.07.2026, 07:27
Қазақстанда 6 шілдеде аптап ыстық сақталады
06.07.2026, 08:10
Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады
06.07.2026, 14:15
Көлсайда 16 жастағы қызды жылан шағып алды