$ 489.17  576.63  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында екі көлік соқтығысып, 4 адам ажал құшты

Омбы–Майқапшағай тасжолында болған апаттан тағы 3 адам ауруханаға жеткізілді

Абай облысында екі көлік соқтығысып, 4 адам ажал құшты
Фото: © istockphoto.com

Абай облысында ірі жол апаты салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 19 ақпанда сағат 15:25-те Омбы–Майқапшағай тасжолының 867-шақырымында, Салқын-Төбе ауылының маңында болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Lada Priora және Chevrolet Cobalt маркалы автокөліктер бетпе-бет соқтығысқан.

Соқтығыс салдарынан 4 адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы 3 адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, жол апатының себептері мен мән-жайы жан-жақты анықталып жатыр. Құзырлы орган жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мәселесін тағы бір мәрте еске салды.